Бүгіндері қасиетті отанымыздың топырағында тәуелсіз, бостандықта өмір сүріп жатсақ, бұған әуелі ұлы Аллаһтың жәрдеміне, содан кейін тарихымыздағы ұлы адамдарға борыштымыз. Егер, олар болмағанда бүгінгідей тыныш та, бақытты өмір сүре алмаған болар едік. Сол тәуелсіздікті аңсап өткен ата-бабаларымыздың арманы XX ғасырдың аяғында орындалып, қазір тәуелсіз ел болып елтанбамызды белгілеп, өзіміздің төл теңгемізді шығардық. Ән-ұранымызды шырқап, туымызды көкке желбіреттік. (Бұрын ата-бабаларымыз туды жау тылында желбіретсе қазір саңлақ спортшыларымыз дүбірлі додаларда туымызды желбіретіп жүр, ылайым солай болғай.) сыртқы елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға да міне жиырма жылдың жүзі болды. Кеше ғана тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығын бүкіл халық болып атап өттік.
Осы тәуелсіз мемлекетіміздің ертенгі болашағы, мемлекетіміздің тірегі болып есептелетің жастарымыздың қазіргі аяқ алысы көңіл қуантарлық емес. Ия, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын ойлайтың, өзіне сенім артатын оқыған, иманды халқының адал перзенті болуға лайықты жастар баршылық. Бірақ, жастардың көпшілігін олай деп айта алмаймыз. Себебі: қазір жастарымыз ішімдік пен нашақорлыққа салыну, үлкенге құрмет көрсетпеу, өзін әлпештеп қанаттығы қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай, түнде тұрып ұйқысын төрт бөлген жыласа бірге жылап ауырса бірге ауырған ата-анасын үлкейгенде қарттар үйіне өткізу, ниеті бұзық жат ағым секталардың жетегіне ілесіп кетуі, отанына қарсы шығу бұл қазір қоғамызда болып жатқан жағдайлар. Бүгін де жаһандасу деген қызыл көз пәле жастарды ұлттық санадан алыстатып бітті.
Дамыған мәдениетті мемлекетпіз деп, арақ ішіп, шошқаның етін жеп, жартылай жаланаш киімдер киіп, әдепсіз телехикаяларды көруді әдетке айналдырдық. Ел болам десен бесігінді түзе деген. Сондықтан осындай бей әдепсіз істерден бойымызды аулақ ұстамай ұрпақ тәрбиесін дұрыстай алмаймыз. Әкесі баласының көзінше арақ ішіп, темекі шегіп баласына бұларды ішпе шекпе деп қалай айта алады? Сол сияқты шешесі азаннан кешке дейін әдепсіз тетехикаяларды көріп қызым бұл телехикаяның саған түк берері жоқ оданда бар да сабағынды оқы деп қалай айта алады? Үйткені оны өздері істеп отырса оңы көрген бала да ертен соңы қайталамасына кім кепіл. Ұяда не көрсен ұшқанда соны аларсын деген. Хаюан екеш хаюан да баласын жаман болсын демейді. Аллаһтың әрбір жаратылысына көз салшы әрбір тіршілік иесі өз арнасымен өзінің бағытынан ауытқымай тіршілік етіп жатыр.
Жыртқыш аң болсын, құс болсын, жәндіктер болсын барлығы да арттарында өздерінің ұрпақтарын қалдырып өздерінің нәсілін жалғастыруда. Ал адам баласын Аллаһ Тағалла олардан үстем етіп жаратты, Оларға берілмеген ақылды берді. Ал, біздің артымызда қандай ұрпақ тәрбиеленіп келе жатыр. Жастарымыздың ішімдікке салынуына, нашақорлыққа әуес болуына және тағы басқа жаман істерге баруына отбасындағы тәрбиенің шалалығы деп білемін. Сондықтан әрбір ата-ана өзінің перзентіне отбасында, ошаққасында дұрыс бағытта тәрбиелеуі керек және өздері де ондай жаман іс-әрекеттерден бойларын аулақ ұстауы тиіс.
Жас жұбайлар үйленіп отбасын құрғаннан кейін әрбір жас отбасы өзінің перзенті болғаның қалайды. Ал, жанұяның көркі мен бақыты, шаттығының көзі болып табылатын бала - ата-анаға Аллаһ Тағаланың берген аманаты. Ал, ислам дінінде аманатқа қиянат жасау бұл кешірілмейтін үлкен күналардың бірі. Сол себепті әрбір ата-ана баласының тәрбиесіне Аллаһ Тағаланың алдыңда және халқының алдыңда да жауапты.
Сондықтан әрбір ата-ана өзінің туған перзентіне отбасында ислами тәрбие беру әрқашанда бірінші орында тұру керек. Имандылыққа, адамгершілікке, тақуалыққа, шыншыл болуға, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа және әрқашанда кешірімшіл болуға, халал мен харамның ара жігін ажырата білуге, ішімдіктің денсаулыққа зиянды екенің оның қоршаған ортаға қоғамға қаншалықты қауіпті екенің айтып түсіндіру, үлкейгенде тек ата-анасының ұлы емес Отаның сүйетін халқының адал да батыр ұлы болуға тәрбиелеу.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оны жақсы тәрбиелеуі» (Жами әс-Сағир) дей отырып, бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін атап көрсеткен. Әрине, бала дегенде, ішкен асын жерге қоймайтын ата-ана жоқ. Күндіз-түні бала-шағасының қамын ойлап, еңбек еткен ата-ана, көп жағдайда, баланың бақытын, болашағын тек материалдық жағынан ойлап рухани жағы қалыс қалып жатады. Ата-аналық борышты баласын жақсы тамақ, киім-кешек, баспана, көлікпен қамтамасыз ету, болашақта біреуге мұқтаж болмауы үшін ең көп табыс келтіретін мамандық әперу, жұмыс тауып беру деп түсінеді де рухани жағына көп мән бермейді.
Мектеп бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына түсіруге асығамыз. Ал ол бала оқып жатыр ма? жоқ әлде уақытын босқа өткізіп жүр ме? Қоршаған ортасы қандай? Араласып жүрген дос-жарандары қандай? Оны қадағалап зерттеп жатқан ата-ана жоқтын-қасы. Баланың өсіп жетілуінде ата-ана рухани тәрбие жағына аса назар аударуы қажет. Себебі қазір жастардың рухы аш дененің азығы ішіп-жеу болса, рухтың азығы ол құлшылық, намаз оқу ораза ұстау т.с.с. ғибадаттар. Сол рухы аш жастарымыз қазір ізденіс үстінде ал олардың ізденісін кімдер қанағаттандырып жатыр.
Әрине көп жағдайда олардың ізденістерін жат ағымның өкілдері және экстремистік бағыттағы ұйымдар. Іздегенге сұраған дегендей оларға жастардың күші аса қажет. Сондықтан олар жастарды өздеріне тарту үшін интернет клубтарын, спорт шараларын, лагерьлер ұйымдастырып, өздерінің пасық қара ниетті ойларын жастардың санасына аз-аздан сіңіруде. Санасы уланған жастарымызды бұл қоғамға қайта оралмастай етіп өздеріне алып қалып жатыр. Біз сонда барып бармағымызды тістейміз.
Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің перзентіне алдымен отбасында ислами тәрбие беруі керек. Ислам дінінің құндылықтарын үйрету Аллаһ бір ол жалғыз ислам діні хақ дін, Аллаһтың алдында қабылданатын дін тек ислам ғана ал, басқа діндердің Аллаһ алдында ешқандай құны жоқ. Ислам діні бибітшілікті сүйетін дін, біреудің ала жібін аттауға, біреуге күш көрсетуге, біреуді балағаттап келемеждеуге және біреуді жазықсыз ұрып соғуға т.б. тыйым салады деп айтып әруақытта баланын жастайынан санасына сініру және де ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, Отаның сүюге баулу бұл ата-ананың перзентінің алдыңдағы борышы. Хаэіреті Әли былай деген: «Балаларыңды өздерің болмайтын уақыт үшін тәрбиелендер, өйткені олар сендер болмайтын уақыт үшін жаратылған» десе, Жүсіп Баласағұн бала тәрбиесін мына өлен жолдарымен тамаша жеткізген:
Қатал ұста бос жүрмесін сандалып,
Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Әу баста ата-ана балаға тәрбиені дұрыс бере алмаса, үлкейгенде олардың жақсылығын емес керісінше ауыртпалығын көтеруге тура келеді. Ал, қиямет күні бала-шағасы Аллаһ Тағалаға өз наразылықтарын білдірген кезде, ата-ана өз перзентін танымайтын кейіп танытып өз перзентінен безетін күн туады. Сол үшін Құран Кәрімдегі Тахрим сүресі, 6-аятта: «Әй, иман келтіргендер! Өздеріңді және үй іштерінді (Қиямет күні) отыны адамдар мен тастардан болған жалынды оттан қорғандар» деп, алдың ала ескертіп қойған.
Қорыта келе, Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқандай «көңіл жайдары» әрі ата-анаға берілген сый болып табылатын балалардың аманат екендігін естен шығармау керек. Сондықтан, балалардың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, рухани қажеттіліктерінің де өтелуіне баса назар аударуымыз тиіс. Жастар - кез келген халықтың бүгіні мен ертенінің кепілі. Сондықтан болашағын ойлаған кез келген халық, оңы мен солына жұмсаған уақыт пен күшінің бір бөлігін осы күш қуаты мен жігері тасыған, әрі кір жұға қоймаған жастарын тәрбиелеуге жұмсауы керек. Жастардың дұрыс адам болып қалыптасуы үшін ата-ана, ұстаздар, айнала, жалпы қоғам болып ат салысуымыз керек.
Балаларымыз жүзімізді осы дүниеде де, ақыретте де қарайтпасын, тек ағартсын иншаллаһ! «Артына қайырмен дұға ететін ұрпағы бар ата-ананың амал дәптері өлгеннен кейін де ашық болып қала бермек», - деген сүйікті Пайғамбарымызға жәннәтта көрші болуды Аллаһым нәсіп етсін!
Түзелбаев Зульфухар
Талас ауданы Бостандық ауылы
«Төртбай ата» мешітінің имамы