Бір күні бір жұмысшы бастығына келіп шағымданыпты:
- Біз екі жұмысшымыз екеуміз де бірдей жұмыс істейміз, бірақ ана адамның айлығы менің айлығымнан үш есе артық бұның себебі неде? Бұл әділетсіздік емес пе? - деген екен. Сонда бастығы:
- Сен даладағы шығып жатқан дыбысты естіп тұрсың ба?
- Ия
- Соны барып біліп келші не болып жатыр екен? - дейді. Барып келген жұмысшысы:
- Құбыр жарылған екен сондықтан жолды қазып жөндеп жатыр екен - дейді.
- Қанша уақыт жөндейді екен?
- Қазір біліп келемін - деп шығып кетеді. Барып сұрап келіп - бес күнге созылады екен - деп жауап береді.
- Жол ашық па екен, машиналар жүріп жатыр ма?
- Қазір біліп келем - деп қайта шығып барып келеді.
- Жабық екен.
- Енді бес күн бойы қай жақпен жүреді екенбіз?
- Қазір біліп келемін – деп қайта барып келіп - келесі жатқан бір тараптық көшені уақытша екі тараптық етіп ашыпты сол жакпен айналып жүре тұрады екенбіз - дейді.
Кейін екінші жұмысшысын шақыртып одан да дәл солай сұрайды:
- Даладағы дыбыстарды естіп тұрсын ба? Біліп келші не болып жатқанын. Барып біліп келіп:
- Құбыр жарылған екен соны жөндеп жатыр. Жөндеуге шамамен бес күн кетеді екен, соған байланысты жол жабылып уақытша келесі көшені екі тарапты етіп ашқан екен сол жақпен жүруімізге тура келеді.
Бастығы бірінші жұмысшысына қарап:
- Eнді түсінікті болды ма себебі?..