Хадис шәрифте былай бұйырылды: “Қиямет күні дәптерінде көп истиғфар (әстағфируллаһ) болған адамға сүйінші болсын!” Өлімнен басқа барлық дерттерден құтқарады және ризықты арттырады. Ажалы келген адамға аурусыз, қиналмай жан тапсыруына көмектеседі.
Хадис шәрифте былай деп бұйырылды: “«Лә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы.” Бұған “тәмжид кәлимасы” деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады.
“Бисмилләһиррахманиррахим уәлә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм” кәлимасын оқу жүйке ауруларына және бүкіл ауруларға жақсы келеді.
“Фатиха”, “Аят әл-Курси” және “төрт Қул” (Яғни Кәфирун, Ихлас, Фәләқ, Нас) сүрелерін 7-реттен оқып ауру кісінің үстіне үрленетін болса, бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.
Расулуллаһ саллаллаһу та’ала алейһи уасаллам былай деп бұйырды:
“Жаңбыр суын жинап, үстіне Фатиха, Аят әл-Курси, Ихлас және Қул әузу сүрелерін 70-реттен оқып, бұл судан арасын үзбей 7 күн таңертеңгісін ішкендердің сырқаттары, аурулары тоқтайды.”
Көз тиген адамға, Пайғамбарымыз білдірген мына дұғаны оқу керек:“Ә’узу бикәлимәтиттәммәти мин шәрри кулли шәйтанин уә хәммәтин уә мин шәрри кулли аинин ләммәтин.” Бұл дұғаны күнде таңертең және кешке 3-рет оқып өзінің үстіне немесе жанындағылардың үстіне үрлесе, көз тиюден және шайтандардың және жануарлардың зиянынан қорғалады.
«Мәуәхиби ләдунийә» кітабының екінші томында былай делінеді: Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» үш түрлі дәрі қолданатын. Құран кәрім немесе дұға оқитын. Ғылыми жолмен табылған дәрілерді де қолданатын. «Құран кәрімнен шипа күтпеген адамға шипа нәсіп етпейді» дейтін. «Фатиха» сүресін оқудың ауруларға шипа екенін білдіретін хадис шәрифтер «Бәйдәуи» және «Чәрхи» тәфсирлерінде және Сәнауллаһи Дәхләуидің «рахматуллаһи алейһи» жазған «Тәфсири Мазһәри» кітабында жазылған.
Ауруға шипа болу үшін жетпіс рет истиғфар оқу керек, оқып болғаннан кейін аурудың басына үрлеп, қысқа бір дұға оқу керек.
Имам Қушәйри «рахмәтуллаһи алейһ» былай дейді: Құран кәрімдегі алты шипа аятын жазып, бір ыдыс суға салып ерітіледі. Ауру осы суды ішсе, Алла та’ала шипа ихсан етеді. Аяти кәрима мен дұғалар әлбетте шипа береді. Дегенмен, шарттарының орындалуы керек. Оқыған адамның және ауру адамның бұған сенуі шарт болып табылады. Аурудың зиянын тигізетін азықтан, күмәнді дәрілерден сақтануы керек. Хадис шәрифте:«Алла та’аланы ұмытып, ғафлетпен жасалған дұға қабыл болмайды» делінді. Расулуллаһ «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» ауырып қалғанда “Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас” сүрелерін оқып, өзінің үстіне үрлейтін.
«Шипа яттары» мыналар:
Тәубә сүресінің он төртінші аятының соңы,
Юнус сүресінің елу жетінші аятының ортасы,
Нахл сүресінің алпыс тоғызыншы аятының орта бөлігі,
Исра сүресінің сексен екінші аятының бас жағы,
Шуара сүресінің сексенінші аяты,
Фуссиләт сүресі қырық төртінші аятының орта бөлігі.
Шипа аяттарының арапша нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз: Шипа аяттары.
Бұлар бәйшешек суы сияқты түсті сусынмен ыдысқа жазылып, жаңбыр суында ерітіледі. Күйеуінен мәһр ақшасынан сыйлық сұрап, бұл ақшамен бал сатып алынады. Балды осы сумен араластырып ішу керек. Шипа аяттарын дәретпен, бір қағазға жазып, бұл қағазды бір ыдыстағы суға салуға да болады.
«Тухфә» кітабының соңғы жағында былай делінеді: имам Әли Рыза хазреттері Нишапурға келгенде Әһли сүннеттен жиырма мыңнан көп ғұлама және шәкірт, оны күтіп алды. Аталарынан келе жатқан бір хадис шәриф оқуын сұрады. Имам хазреттері барлық аталарының есімдерін айтып, мына қудси хадисті оқыды: «Ла илаһә иллаллаһ қорғаным. Бұны оқыған адам қорғаныма кірген болады. Қорғаныма кірген адам азабымнан құтылады.» Имам Ахмед ибн Ханбал хазреттері былай дейді: бұл хадис шәриф мұны жеткізгендердің есімдерімен бірге есі ауысқан адамға оқылса, есі түзеледі. Ауруға оқылса шипа табады. Осылай екенін Ибн Әсир «рахмәтуллаһи алейһ» те «Камил» атты кітабында білдіруде. Бұл хадис шәрифтің ауруға оқылуы былай болады:
Төмендегі жазудың ислам әріптерімен жазылып, дұрыс оқылуы керек:
[Рәуа Алийул-Рыза фәқалә, Хаддәсәни әби Мусәл-Казим ан әбиһи Жафәрис-Садық ан абиһи Мухаммәдәнил-Бақыр ан әбиһи Зәйнәлабидин Әли ан әбиһил-Хусәйн ан әбиһи Әли бин Әби талиб “радиаллаһу анһум”, қалә хаддәсәни хабиби уә қуррәту айни Расулуллаһи “саллаллаһу алейһи уә сәлләм”, қалә хаддасәни Жибрилу, қалә сәмиъту Раббәл’иззәти йәқулу “Ла илаһә иллаллаһу хисни мән қалә-һа дәхалә хисни уә мән дәхалә хисни әминә мин азаби”]
Шипа үшін:
Жиырма бес рет «Әстағфируллаһ» делінеді. Соңғысында«Әстағфируллаһ-әл-азыйм әлләзи лә илаһә илләһу-әл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ»- деп оқылады.
Сосын он бір «Ихлас» және
Жеті рет «Фатиха» сүрелерін және
Отыз үш рет «Аллаһуммә салли уә сәллим ала сәйидина Мухаммәдин уә ала али сәйидина Мухаммәд» оқып,
Сауабын пайғамбарымыздың «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» және сахабалардың «ридуануллаһи алейһим ажмаин» және әулиелердің «рахмәтуллаһи алейһим ажмаин» рухтарына және сосын ұлы ғұламалардың аттарын атап, осы дін ұлыларының рухтарына бағышталады. Осы дін ұлыларының құрметіне шипа беруі үшін Алла та’алаға дұға етіледі. Күнде таңертең және кешке осылай дұға етіледі және қажетті дәрі-дәрмектері алынып, кеселіне байланысты диета ұсталынады.
Бір фатиха мен истиғфар дұғасын оқып, сауабын Мұхаммед алейһиссаламның мүбәрәк рухына және Әнбиалармен әулиелердің және Силсиләи алийәның және ата-бабаларымыздың рухтарына бағыштап, нұрлы көңілдерінен медет сұрау керек. Дұға қылатын кезде дін ұлыларының аттары аталып оқылса, бұл салихтердің құрметіне Алла та’аланың мейірімі жауады.
Ұлы ғұлама Абдуллаһ Дәхләуи «Мәкатиб» атты кітабының жүз он жетінші хатында былай дейді: «Әр істерің үшін ұлылардың таза рухын уәсилә (арашы) етіп, Алла та’алаға жалбарыныңдар! Оған сиыныңдар! Алла та’ала сүйікті құлдары уәсилә етіліп (солардың құрметіне деп) жасалған дұғаларды қабыл етіп, дін және дүние қажеттіліктеріңді ихсан етеді.» Тікелей шипа ихсан етеді немесе шипа үшін себепші болатын дәрігерді, дәріні кездестіріп солар арқылы шипа береді. Өйткені, себептер арқылы жарату Аллаһу та’аланың әдеті. Сондықтан себептерге жабысу сүннет болып табылады. «Силсиләи алийә», яғни ұлы ғұламалардың есімдері, жоғарыда жазылған.
Расулуллаһ «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» қайғы, қасірет, қиыншылықты кетіру үшін «Ла илаһа иллаллаһул-азим-ул-халим ла илаһә иллаллаһу Раббул-Аршилазим ла илаһә иллаллаһу Раббус-сәмауати уә Раббул-Әрди Раббул-Аршил-кәрим» дұғасын оқитын.«Бисмиллаһир-рахманир-рахим уә ла хаулә уә ла қууата илла биллаһил алийилазим» дұғасын оқу, жүйке ауруына және барлық ауруларға жақсы болатынын Әнәс бин Малик білдірген.
«Фәуаиди Османийә» кітабында былай делінген: «Фатиха»,«Айатәл курси» және «Төрт құл» жеті реттен оқылып ауруға үрленсе, барлық аурулар, дерттер үшін және сиқыр, көз тию үшін және жануардың тістеп, шағып алуына қарсы жақсы болады. Тұзға оқып, тұзды суда ерітіп ішіп, шағылған жерге жағу да тәжірибеден өткен. Төрт құл: Кафирун, Ихлас, Фалақ және Нас сүрелері.
Сулейманийе кітапханасының Лалелі бөлімінде 3653-ші нөмірлі рисаленің 211-ші бетінде былай делінеді: «Жұма күні сәре уақытында (сәре уақыты – түннің соңғы алтыдан бірі. Яғни ақшам мен имсак уақыттарының арасындағы уақыттың соңғы алтыдан бір бөлігі. Сәре уақытында желінетін тамақ сәресі деп аталады.) оң қолдың алақанына мына аят жазылып, сосын тілмен жалап жұтылады. Қырық жылдық дуа (сиқыр) болса да кетеді, жойылады. Бұл аят – Ниса сүресінің 99-шы аяты (уә мән йахруж)-дан (рахима) дегенге дейін.»
«Бостан-ул-Арифин» кітабының соңында былай делінеді: Расулуллаһ «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» Осман бин Әбиластың «радиаллаһу та’ала анһ» көңілін сұрап келді. Ол ауырып жатқан еді. Ауруы ауыр және шаншитын. «Ауырған жерді оң қолыңмен жеті рет уқала! Әр мәртесінде Әузу бииззәтиллаһи уә қудрәтиһи мин шәрри ма-әжиду уә ухазиру деп оқы!» деп бұйырды. Осман былай дейді: Aйтқанындай етіп істедім. Ауруымнан айығып кеттім.
«Тәфсири Мазһәри» кітабында «Талақ» сүресінің үшінші аятының тәфсирінде былай делінеді: «Имам Раббани “рахметуллаһи та’ала алейһ”дін және дүние зияндарынан құтылу үшін, күнде бес жүз рет “Ла хаула уә ла қууата илла биллаһ” оқитын. Бұл “Кәлимаи тәмжид” деп аталады. Оқиын деп жатқанда және оқып болғаннан соң жүз рет “Салауат” оқитын. Хадис шәрифте “Алла та’аланың бір ниғметті беруін және мұның үздіксіз болуын қалаған адам “ла хаула уәлә қууата илла биллаһ” деп көп оқысын!” делінген. «Сахихайн»-дағы хадис шәрифте «Бұл жаннат қазыналарының бір қазынасы» делінген. Бір хадис шәрифте «Ла хаулә уәлә қууатә иллә билләһ-ты оқу тоқсан тоғыз дертке дауа. Бұлардың ең жеңілі – хемм» делінген. Хемм - қайғы, қиыншылық деген сөз. [«Сахихи Муслим» кітабы «Бухари»-ден кейін тұратын мұсылмандардың құнды кітаптарының бірі. Ішінде жеті мың екі жүз жетпіс бес (7275) хадис бар. Бұл екі кітап «Сахихайн» деп аталады.]
Абдуллаһ ибн Мәсуд былай деген: Таңертең және кешке Бақара сүресінің басынан төрт аят және Аятәл курси мен содан кейін келетін екі аятты және осы сүренің соңындағы үш аятты оқыған адамның үйіне шайтан кірмейді. Есі ауысқан адамның үстіне үрленсе жазылады. Қиналып жүрген адам көп «истиғфар» оқысын!
«Хазинатул-әсрар»-да былай делінеді: Омар-ул-Фаруқ «радиаллаһу та’ала анһ» былай деді: Расулуллаһ «саллаллаһу та’ала алейһи уә сәлләм»: «Жаңбыр суын жинап, үстіне Фатихаи шәрифә, Аятәл курси, Ихласы шәриф және Қулаузу сүрелері жетпіс реттен оқылады. Бұл суды үзбей жеті күн таңертең ішкендердің аурулары кетеді.» деді. [Бес-он салих мұсылман жиналып, оқып суға үрлеуі керек.] Имам Ахмед пен Тирмизи және Нәсаи және Хаким және Бәйһақидың білдіргендері бойынша: Сад ибн Малик «радиаллаһу та’ала анһ» былай деді: Расулуллаһ «саллаллаһу та’ала алейһи уә сәлләм» былай деді:«Юнус алейһиссалам балықтың қарнында Әнбиа сүресінің 87-ші аятын оқып дұға етті. [Алла та’ала дұғасын қабыл етті және қияметке дейін мұны оқыған мұсылмандардың дұғаларын қабыл ететінін білдірді.] Бір мұсылман бұл аяти кәриманы оқып дұға етсе, Аллаһу та’ала дұғасын міндетті түрде қабыл етеді.» Қырық рет оқу керек. Аяти кәрима мынау: Ла илаһа әнтә субханәкә инни кунту миназзалимин.
Шипа үшін «Қасидаи Бурдә»-ні оқу өте пайдалы. Ауруларға оқылғанда жақсы болып кеткендері, оқылған мекендердің дерттерден, пәлекеттерден аман болғандары көрілген. Пайдалану үшін сену және шын ниетпен оқу керек.
Касидаи Бурдә арап тілінде жазылған және он бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім: Расулуллаһқа «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» болған сүйіспеншіліктің құнын білдіру.
Екінші бөлім: Адамның нәпсісінің жамандығын түсіндіру
Үшінші бөлім: Расулуллаһты мадақтау
Төртінші бөлім: Расулуллаһтың «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» дүниеге келуін айту.
Бесінші бөлім: Расулуллаһтың «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» дұғаларының сол мезетте қабыл болғанын білдіру
Алтыншы бөлім: Құран кәрімді мадақтау
Жетінші бөлім: Расулуллаһтың «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» миғражындағы нәзіктікті білдіру
Сегізінші бөлім Расулуллаһтың «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» жихадтарын айту
Тоғызыншы бөлім: Алла та’аладан кешірім және мағфирет және Расулуллаһтан «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» шапағат тілеу
Оныншы бөлім: Расулуллаһтың «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» дәрежесінің биіктігі айтылады.
Бұл қасиданың авторы имам Мұхаммед бин Саид Бусайри «рахимаһуллаһу та’ала» суфийә-и алийәнің ұлыларының бірі. Шазили болған Әбул Аббаси Мурсидің жетілдірген әулиелерінің бірі. Әбул Аббаси Мурси Әбул Хасан Шазилидің шәкірттерінен. 695 [м.1295] жылында Мысырда қайтыс болған. Сал ауруымен ауырды. Денесінің жартысы істемей қалды. Расулуллаһқа тәуәссул етіп, адамдардың ең үстемін мадақтайтын мәшһүр қасидасын дайындады. Түсінде расулуллаһқа оқыды. Расулуллаһқа ұнап үстіндегі мүбәрәк шапанын шешіп, имам Бусайридің үстіне кигізді. Денесінің сал болып қалған жерлерін мүбәрәк қолымен сипады. Оянғанында имам Бусайридің денесі сап-сау еді. Расулуллаһтың шапаны үстінде еді. Сондықтан бұл қасида «Қасидаи бурдә» деп аталды. Бурдә – шапан деген сөз. Имам Бусайри «рахмәтуллаһи алейһ» қуанып бамдат намазына кетіп бара жатқанында салих бір кісімен кездесті. Салих кісі имам Бусайриге «Қасидаңды тыңдағым келеді» деді.
Менің қасидам көп, Адамдардың барлығы біледі қасидаларымды.
Ешкімнің білмейтін, бір түні Расулуллаһқа оқыған қасидаңды тыңдағым келеді
Мұны ешкімге айтпағанмын. Сіз қайдан білесіз?- дегенінде, ол кісі имамның түсін толығымен айтып берді.
Уәзір Бахаәддин бұл қасиданы есіткенінде аяғына дейін оқытып, құрметпен тұрып тыңдады.