Харун Рашид

Харун Рашид

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Харун Рашид Аббаси халифаларының бесіншісі. Мұхаммед Мәһдидің ұлы Жафар Мансурдың немересі. Қабірі Тус қаласында. Бауыры Мұса Хади қайтыс болғанда халифа болады. Әкесінің заманында екі рет Римдіктермен соғысып қаһармандық танытқан. Халифа кезінде Ерегли қаласына дейінгі жерлерді жауап алды. 3 рет қажылыққа барып, Мекке және Мәдина халқына көп сияпаттар жасайды. Ілім және қолөнер иелеріне аса мән береді, олардан көмегін аямайды. Өте әділетті еді. Харун Рашид 809 жылы Бағдатта қайтыс болды.

Имам Әбу Юсуф былай айтып береді:

Әкем қайтыс болғанда мен кішкентай едім. Хазіреті Имам Ағзамның дәрістеріне қатысуды жалғастыра бердім. Бір күні анам ұстазымызға келіп айтты: «Ұстаз біз мұқтажбыз. Баламның жұмыс істеп ақша табуы керек». Сонда ұстазымыз: «Сен оған тиме! Ол мұнда сары май, пісте және бадам езбесін жеуді үйреніп жатыр. Оның табатын ақшасын мен беріп тұрайын.

Анам бұны мақұл көріп, қайтып кетті. Кейінірек маған қазылық лауазымы берілді. Бір күні Аббаси халифасы Харун Рашидпен дастархан басында отыр едік. Дастарханға сары май, пісте және бадам езбесін алып келді. Мен күлгенімде себебін сұрады. Хазреті Имам Ағзаммен байланысты болған осы оқиғаны айтып бердім. Харун Рашид «Шынында ілім адамды биікке көтедеді» деді.   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: