Әлем жаратылғалы бері қорқу мен үміт әрдайым болып келді. Бұл екеуі барша адамзат баласының басына келіп жатыр және келе де береді. Ал бұл екі нәрсеге қаншамасы алданып, тек қана үміт жолын ұстанып өзеріне жұмақты уәжіп ететіндер болғаны секілді, аса қорқуға салынып, мұсылманшылықтан шығып кеттім бе екен деп қобалжып жүргендер де арамызда баршылық. Дәл осы жерде біз сәл кідіріп, ненің не екендігін бір рет көзден өткізгеніміз жөн болар. Олай болса Қасиетті Құран кәрімге назар аударайық. «Әл-Имран» сүресінің 106-шы аятында былай делінген:يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ- «Ол күні кей жүздер ағарып, кей жүздер қараяды».Бұл аят қиямет күнінде адамдардың екі түрлі халде болатындығын, бірінің ағарып, бірінің қараятынын еске түсіруде. Қорқу мен үміттен қол үзген адамдардың жүздері қараятынын, екеуін бірдей алып жүргендердің бақытты хал кешетіндігін де білдіріп отыр.
«Ағраф» сүресінің 167-ші аятында балай делінген:
إِنَّ رَبَّكَ لَسَرِيعُ الْعِقَابِ وَإِنَّهُ لَغَفُورٌ رَّحِيمٌ – «Расында Раббың ең тез жазалаушы және де мейірімділік пен рақым иесі».
Раббымыз өзіне қарсы келгендерді аса қатты жазалайды. Ал енді өзіне итағат еткендерді көптеген сый-сыяпатқа бөлеуші. Алла Тағала осы аятпен мұсылманның әрдайым қорқу мен үміт арасында өмір сүруі керек екендігін бізге білдіріп отыр. Бұл екі сипаттың біреуін естен шығарып, біреуін алу адамзатты қатты қателікке алып барады. Құл болу қорқу мен үміт иесі болғандардың ғана сипаты. Мұсылмандық әрі қорқу иесі, әрі үміт иесі болғанды талап етеді.Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай бұйырады:
وعن أبي هريرة . رضي اللَّه عنه ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم قال : « لَوْ يَعْلَمُ المُؤْمِنُ مَا عِنْدَ اللَّهِ مِنَ العُقُـوبَةِ . ما طَمِعَ بجَنَّتِهِ أَحَدٌ ، وَلَوْ يَعْلَمُ الكافِرُ مَا عِنَد اللَّهِ مِنَ الرَّحْمَةِ ، مَا قَنطَ مِنْ جنَّتِهِ أَحَدٌ » رواه مسلم
«Егерде мүмин Алланың азабының қандай, қалай екендігін білгенде жәннатқа деген үмітін үзетін еді. Кәпір де Алланың мейірімділігін толығымен білгенде, оның жәннатынан еш үмітін үзбейтін еді» (Мүслим,Тәубе, 23).
Жәннатты үміт ету мұсылмандарға тиесілі бір сипат бола тұра, Алланың ашу-ызасынан қорқып, жәннатқа үміт артпайтын болса онда жәннат кім үшін болғаны?! Алайда мұсылман адам Алланың мейірімділігіне сеніп, оның азабын естен шығармауы тиіс. Кәпір де оның мейірімділігінен үмітін үзіп, оның мейірімділігінен еш уақытта ұзақ тұра алмайды. Олай болса әрбір адамзат баласы қашанда үміт пен қорқу арасында (бәйнәл-хауфи уар-рәжә) өмір сүруі қажет. Үміт пен үрей мұсылман үшін минус (-) пен плюс (+) секілді. Ол екеуінсіз еш нәрсе болмайды. Бұл өмірдің теңдігінің бұлжымас құралы болып қала береді.
Бұл хадисті былай да түсінуге болады: Мүмин жәннатты үміт етіп жүрген болса, онда ол Алланың азабын толығымен түсіне алмағандығынан, ал кәпір жәннат пен оның мейірімділігіне үміт артпай жүрген болса, онда ол Алланың мейірімділігінің кеңшілігін толық біле алмағандығынан болар.
Xазіреті Омардың (р.а.) мына сөзі қаншалықты ғибратты: «Қиямет күні жәннатқа тек қана бір адам кіреді делінетін болса, ол адам мен шығармын. Ал егерде тозаққа тек қана бір адам кіреді делінетін болса, ол адам мен шығармын деген үмітпен өмір сүріп келемін». عن أبي سَعيد الخدرِيِّ ، رضي اللَّه عَنه ، أَنَّ رسولَ اللَّه صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم قال : « إذا وُضِعتِ الجَنَازَةُ واحْتمَلَهَا النَّاسُ أَو الرِّجالُ عَلى أَعْنَاقِهمِ ، فَإِنْ كانَتْ صالِحَةً قالَتْ : قَدِّمُوني قَدِّمُوني ، وَإنْ كانَتْ غَير صالحةٍ ، قالَتْ : يا ويْلَهَا ، أَيْنَ تَذْهَبُونَ بَها ؟ يَسْمَعُ صَوتَها كُلُّ شيءٍ إلاَّ الإِنْسَانُ ، وَلَوْ سَمِعَهُ لَصَعِقَ » رواه البخاري
Әбу Сағид (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) былай дегенін бізге жеткізді:
«Адам қайтыс болып, адамдар немесе еркектер оны жерлеуге алып бара жатады. Сол сәтте ол адам егерде жақсы адам болатын болса былай дейді: «Мені ертерек алып барыңдар, мені тезірек алып барыңдар!». Ал егерде ол адам жаман адам болатын болса былай дейді: «Әттеген-ай, бұл табытты қайда алып барасыңдар!». Ол адамның даусын адамдардан басқа барша жаратылыс иесі естиді. Егерде адамзат бұл дауысты естісе, сол сәтте талып қалар еді» (Бұхари, Жанайз, 50,53,90). Бұл хадис бізге жерленбей тұрып-ақ адамзат баласы осы екі жағдайдың біріне тап болатынын бізге білдіріп жатыр. Жақсы адам қайтыс болған сәтте көрсетілген нығметтерді көріп және оған қауышуды қалап «мені тезірек алып барыңдар!» деп айғай салады. Ал енді жаман адам алдында күтіп тұрған қатты азап пен қиыншылықты көріп, «мені қайда алып барасыңдар!» деп айғай салады. Міне мұсылман адам да осы екі жағдайдың бірі басына келетінін біліп, әрдайым үрей мен үміт арасында ғұмыр кешуі шарт.
Жәннат пен тозақ бізге бір адым жақын. Осыны біле тұра адамда үрей мен үміт сезімі болмаса, өмірін бостан босқа өткізген болады. Ал мүмин болса, осы екі сезіммен өмір сүретін адам. Міне осы ұстаным адамзат баласын әрдайым дұрыс ғұмыр кешуге бағыттайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) үмметін қатты жақсы көргендіктен осы жолды көрсетіп, шындық пен ақиқатты тамаша, әдеби тілмен ашықтап кетті.
Рахмет самалынан.