Пайғамбарымыздың тұсында өмірін Құран мен хадис үйренуге арнаған, діни мәселелерді шешуде үлкен беделге ие ерекше сахабалар болды. Олар халыққа
Құран аяттарын Пайғамбарымыздан үйренгендеріндей түсіндіріп, діни үкімдер шығарып, бұқараның руханиятына ықпал етіп отырған. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
олардың көбісін халыққа Исламды үйрету үшін жан-жаққа мұғалім етіп жіберген. Бұлардың алғашқысы төрт халифа. Олардан кейінгі сахабалар өз араларындағы
ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
а.Рижалул-Қур‘ан: Бұлар – Құран кәрімді ең жақсы білген, керемет оқыған әрі жатқа білген сахабалар. Олар өмірлерінің, уақыттарының көпшілігін Құран үйретуге арнағандар. Олардың арасындағы мәшһүр сахабалар мыналар: Абдуллаһ ибн Мәс‘уд, Сәлім Мәулә
Әби Хузәйфа, Үбәй ибн Кә‘б, Муаз ибн Жәбәл, Зәйд ибн Сәбит, Әбу Муса әл-Әш‘ари, Әбу Зәйд әл-Әуси, Әмир ибн Фухайра, Төрт халифа, әйелдерден хазірет
Айша, Хафса және Үмму Сәлама т.б.
ә.Рижалул-хадис: Бұл топтағылар – Пайғамбарымыздан (с.а.с.) естігендерін жаттап, оның іс-әрекетін қаз-қалпында басқаларға жеткізуді өздерінің басты парызы
деп білген сахабалар. Олар әлемдердің Ардақтысының (с.а.с.) бірде-бір сөзінің із-түзсіз жоғалып кетпеуіне аса ұқыптылық көрсетіп, кейінгілерге жеткізу үшін барлық
күштерін салған. Ең көп хадис риуаят еткен (мыңнан аса) сахабаларға терминологияда „муксируун” делінеді.
Олар мыналар:
Әбу Һурәйра – 5374 хадис;
Абдуллаһ ибн Омар – 2630 хадис;
Әнәс ибн Малик – 2286 хадис;
Хәзіреті Айша – 2210 хадис;
Абдуллаһ ибн Аббас – 1660 хадис;
Жабир ибн Абдуллаһ – 1540 хадис;
Әбу Саид әл-Худри – 1170 хадис риуаят еткен.
б.Ең көп пәтуа берген сахабалар: Хадис риуаят еткен сахабалармен қоса діни мәселелер бойынша пәтуалар айтқан сахабалар да көп болған. Олардың
ең алғашқылары – төрт халифа. Пәтуалары Ислам тарихына байланысты шығармаларда көрсетілген сахабалардың кейбірі: Абдуллаһ ибн Мас‘уд, Муаз ибн
Жәбәл, Үбәй ибн Кә‘б, Абдуллаһ ибн Омар, Абдуллаһ ибн Аббас, Зәйд ибн Сабит, хазірет Айша т.б. Сахабалардың арасында 200-ге жуық, басқа бір риуаят бойынша 300-ге жуық Абдуллаһ есімді сахаба болған деседі. Бұлардың арасында діни мәселелер төңірегінде аттары әйгілі 4 Абдуллаһ бар. Оларға терминологияда төрт Абдуллаһ мағынасын білдіретін “абадила арба‘а” делінеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озған соң, көптеген мәселенің шешімі жайында Ислам ғалымдары осы төрт сахабаның көзқарастарына көбірек жүгінген. Олардың бір мәселе төңірегінде төртеуінің де бірдей келісімге келуіне “қаулул-Абадила” (төрт Абдуллаһтың келіскен пікірлері) термині қолданылады. Ол 4 сахабаның есімдері мыналар:
Ғалым сахабалар
Абдуллаһ ибн Аббас;
Абдуллаһ ибн Омар;
Абдуллаһ ибн Зубайр;
Абдуллаһ ибн Амр ибн ‘Ас.
"Саңлақ сахабалар" кітабынан