Халал азық

Халал азық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Харам жейтін адамнан керемет күтілмейді, мұндай нәрсе болмайды, мүмкін де емес. Халал азық көңілді нұрландырады, адам оңай ғибадат ететін болады. Ал харам азық адамды шайтанның ойыншығана айналдырады. Бір күні адамдар хазреті Ибраһим Әдхамге келіп былай дейді:

-         Ұстаз, бір жас жігіт бар, күні-түні ғибадат етеді. «Уәжд» халіне кіріп, өзінен кетіп қалады. Әрбір әрекеті керемет ұшуды да әдетке айналдырған.

Хазреті Ибраһим Әдхам:

-         Мұнда бір мәселе бар, – дейді.

-         Жүріңіз сіз де көріңіз, өзі бір ғажап жігіт!

-         Жарайды барып көрейік.

Барып көргенінде тура айтқандары секілді еді, «Йа, Раббым! ИншАлла шайтаннан емес шығар» деп ойлайды да жігітке айтады:

-         Балам сен жақсы жігіт екенсің. Кешкісін маған кел бірге тамақтанайық.

Әлгі жігіт кеш батысымен келеді. Хазреті Ибраһим Әдхам дорбасынан бір үзім нан жегенде бүкіл өзіндегі халдер жоғалып кетеді, ешнәрсе қалмайды. Таң қалып сұрайды:

-         Ұстаз сен маған не істедің?

-         Мен ешнәрсе істегенім жоқ, тек қана нан бердім.

-         Мендегі кереметтер не болды?

-         Сенің ол керемет деп ойлап жүргендердің шайтаннан келетін. Айналаңның бәрі шайтан басқан еді. Халал азық жегеніңде негізгі жайдайың ортаға шықты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: