Дүние сүйіспеншілігі

Дүние сүйіспеншілігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ағзам бір күні шәкірттеріне сабақ беріп жатқанда бір адам келіп:

- Саудаға жіберген заттарыңыз артылған кеме суға батыпты, – дейді. Бұл хабарды естіген имам біраз тұрып, «әльхамдулилләһ» дейді.

Біраздан кейін тағы бір адам келіп:

-  Мырза бір қателік болыпты. Ол кеме сіздің кемеңіз емес екен, – дейді.

Біраз ойланып, «әльхамдулилләһ» дейді. Шәкіртінің бірі қызығушылықпен екі хабарға да неге «әльхамдулилләһ» дегенін сұрайды.

- Батқан хабар келген кезде жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қынжылу байқалмайды. Хабардың қате екенін естігенде де жүрегімді тыңдадым. Еқшандай қуаныш сезімін байқамадым. Екеуіне де «әльхамдулилләһ» деу себебім дүниелік нәрселерге жүрегімде ешқандай сүйіспеншілік жоқ екенін түсінгендіктен, – дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: