Абдулхаким Арваси

Абдулхаким Арваси

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Битлис қаласына жолға шыққан бір жас жігіт қыста боранға тап болып жолнынан адасып қалады. Әбден қиналып үмітін үзер кезде жалбарынады:

«Йа, Раббым! Осы заманның әулиесін көмегіме жібер!» Сол сәтте қара сақалды бір кісі алдынан шығады. Аттың тізгінін ұстап: «Былай жүретін болсаң қалаға шығасың!» дейді.

Жас жігіт өзіне жол көрсеткен кісінің жүзін жадына сақтап қалады. 30 жылдан кейін Биязид мешітінде кездейсоқ уағызында болады. Уағыздан кейін мешіттің есігінен шығарда Абдулхаким хазіреттері «Битлис жолындағы дауыл есіңе түсті ме?» деп жай ғана құлағына айтады. Ол көз жасын ұстай алмай дереу қолына жабыса кетеді.

Абдулхаким Арваси хазіреттерінің айтқандары:

  • Көрген әрбір қиыншылығымыз келген пәлекеттер, ашуланудың, еткен зұлымдықтардың және жеген ақылдардың жазасы.
  • Әулиелердің ғибратты оқиғаларын тыңдау махаббатты арттырады.
  • Сахабалардың өмір хикаяларын тыңдау иманды қуаттандырады, күнәларды жояды.
  • Үнсіз күйімізден пайда алмайтындар, сөйлеуімізден де пайда алмайды.
  • Ұлылардың сөзі сөздердің ұлысы.
  • Ілім надандықты жояды, ақымақтықты емес.
  • Адамзат қаншама тер төгіп тырысқанымен жақсы көріп, жақсы көрілмейінше қиыншылықтан және пәлекеттен құтыла алмайды.
  • Таза және жаңа киім киіңдер! Хақ Тағаланы әмір біліп, оған құлшылық етпейінше адамдар бір-бірін жақсы көре алмайды.
  • Қоғамдағы рухани аурулардың себебі имам кемшілігінен туындайды.
  • Әулиенің сөзінде иләһи әсер бар. Бір уақыт намазымды жоғалтқаннан гөрі бүкіл дүниені жоғалтуды қалаймын.
  • Алла Тағалаға сенген адам неден махрұм қалады? Алладан махрұм қалғандар неге қол жеткізеді? 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: