Ұстасыз жасалған қайық

Ұстасыз жасалған қайық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Ағзам бір атеистпен айтысу үшін сағат онда кездесуге келіседі. Хазреті Имам әдейі ол жиынға кешігіп барады. Кешіккенінде атеист «Қараңдар! Имамдарың қорқып келмей жатыр» деді. Ал келген кезде не үшін кешіккенін сұрайды. Ол: «Қайық жоқ еді, өзеннен өте алмай тұрдым, ағаштың бұтақтары өздігінен жиналық қайық болып тұра қалды. Сол қайықпен өзеннен өтіп келдім, сондықтан кешіктім» дейді. Атеист күле бастайды: «Көрдіңдер ме, қалай өтірік айтып тұр, ұстасы болмай өз-өзінен бір қайықтың жасалуы мүмкін бе?» дейді. Хазрет Имам дереу сөзін құптап: «Ей, атеист! Бір қайықта ұстасыз өздігінен жасалмайтын болғанда, мына үлкен әлем қалай өздігінен бар болады!» деп атеистпен айтысты бастамай жатып-ақ жеңіп шығады.   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: