Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы «Жуалы» мешітінде жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» өткізілді.
Іс-шара барысында мешіт имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы жамағатқа діни мәселелер бойынша түсіндірме-насихат жүргізді. Сонымен қатар ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен пәтуалардың маңызы мен діни үкімдерді дұрыс түсініп, амал етудің қажеттілігі айтылды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


24 Қараша 2026
13 Джумада-сани 1448

