Жуалы: КӨЛБАСТАУДА МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жуалы: КӨЛБАСТАУДА МҰҚТАЖ ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен мешіт жамағаты мен жастар тұрмысы төмен, жалғызбасты әженің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Игі шара барысында кейуананың үйінің сыртқы қабырғалары мен іргетасы (фундаменті) жөнделіп, қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мешіт молдасы Бақытжан Айбатбекұлы қайырымдылыққа атсалысқан ауыл азаматтарына алғысын білдіріп, істеріне береке тіледі. Өз кезегінде кейуана да ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді.

Жуалы ауландық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: