Белбасар ауылындағы «Хати Сауранбай» мешітінде ауыл жамағатына арналған тағылымды уағыз-насихат жүргізілді.
Жиын барысында мешіттің бас имамы Алмас Кенжемолдаев «Бірлік пен татулық – экстремизмнің қорғаны» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы, ел ішіндегі ынтымақ пен өзара сыйластықтың құндылығы кеңінен түсіндірілді.
«Асыл дініміз Ислам адамзат баласын ынтымаққа, мейірімділікке, әділдікке және өзара сыйластыққа үндейді. Мұсылманның көркем мінезі айналасындағы адамдарға жасаған жақсылығынан, қоғам алдындағы жауапкершілігінен және бейбітшілікке қосқан үлесінен көрініс табады.» - деді өз сөзінде бас имам.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

