«Жәми» мешітінің ұстазы Қарабай Дарын «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде жамағатқа жұма уағызын жүргізді.
Уағыз барысында «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбы кеңінен тарқатылды. Ұстаз аманат ұғымының мәніне тоқталып, оның адам өміріндегі маңызы мен діни жауапкершілігін түсіндірді.
Сонымен қатар аманатқа қиянат жасамау, уәдеге берік болу, әрбір іске жауапкершілікпен қарау және өзгенің ақысына адалдық таныту мәселелерін тілге тиек етті. Жамағатты аманатқа қиянат жасамай, адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным етуге шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



21 Қараша 2026
10 Джумада-сани 1448

