#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде той әдебі мен ысырапшылдық туралы уағыз айтылды

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде той әдебі мен ысырапшылдық туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мойынқұм» мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Той – тәрбиемен тағылымның ортасы» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында имам қазақ халқының той өткізу мәдениеті мен ондағы тәрбиелік мәнге тоқталып, жиын-тойларда орын алып жүрген әдепсіз қылықтар мен орынсыз сөздерді тілге тиек етті. Сонымен қатар той үстінде шектен тыс даңғазаға салыну, ысырапшылдыққа жол беру, астамшылық таныту секілді мәселелерді атап өтті.

«Той – тек қуаныш бөлісетін орын ғана емес, ол – өнеге мен тәрбиенің, сыйластық пен бірліктің көрінісі. Сондықтан әрбір басқосуда әдеп сақталып, ысырапқа жол берілмеуі тиіс», – деп атап өтті бас имам.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: