Меркі: АТАЛАР ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Меркі: АТАЛАР ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлының ұйымдастыруымен аудан ақсақалдарымен «Аталар мектебі» аясында тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында ақсақалдардың қоғамдағы орны, жас ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесі мен ұлттық және діни құндылықтарды кейінгі буынға жеткізудегі рөлі сөз болды. Сондай-ақ үлкендердің ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің отбасы тәрбиесінде алар орны ерекше екені атап өтілді.

Жиын соңында аудан бас имамы ақсақалдарға ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабын сыйға тартты.

Тағылымды басқосуда дін мен дәстүр сабақтастығы, үлкенге құрмет көрсету және ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту мәселелеріне басымдық берілді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: