«Ботбай баба» мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбайдың ұйытқы болуымен «Берекелі жұма» қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі жан тұратын бір отбасыға әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Игі шара барысында отбасыға ұн, макарон, сұйық май, қант және басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар табысталды.
Қайырымдылықтың мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда жанашырлық пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын насихаттау.
Алла Тағала жасалған жақсылықтарды қабыл етіп, қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға мол сауаптан жазсын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


04 Қараша 2026
23 Джумада-авваль 1448

