#Шу: Аудан имамдары діни білім бойынша аттестациядан өтті

#Шу: Аудан имамдары діни білім бойынша аттестациядан өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында имамдардың діни білім деңгейін жетілдіру және сауаттылығын саралау мақсатында аттестация жұмыстары ұйымдастырылды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің имамы Сейтқали Әбдіқадір және облыстық Құран секторының меңгерушісі қари Амангелді Бірлік жүргізіп, аудан имамдарының Құран оқу, тәжуид қағидалары мен дұғаларды меңгеру деңгейін тексерді. Сынақ барысында имамдардың діни ілімді игеруі мен оны дұрыс жеткізу дағдыларына баса назар аударылды. Аталған жұмыс діни қызметкерлердің білімін жетілдіруге, кәсіби біліктілігін арттыруға және діни қызметтің сапасын нығайтуға бағытталған.

Шара қорытындысында имамдарға арнайы сертификаттар табысталып, алдағы атқаратын жұмыстарға сәттілік жолдады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: