Тараз қаласындағы Құлбай баба мешітінде ғибадат үйінің көркін арттыру және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында әрлеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, мешіт аумағында көркейту және абаттандыру бағытындағы жұмыстар қолға алынып, құлшылық ордасының келбетін жақсартуға басымдық берілді.
Мұндай игі бастамалар мешіттің тазалығы мен көркемдігін сақтауға, сондай-ақ жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.



02 Қараша 2026
21 Джумада-авваль 1448

