Мойынқұс ауданына қарасты Шығанақ ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы Рахымбай Түсіповтің ұйытқы болуымен ауылдағы балабақша мекемесіне қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі бастама аясында бүлдіршіндердің игілігі үшін балабақшаға бес кілем сыйға тартылды. Бұл – ауылдағы әлеуметтік мекемелерге қолдау білдіріп, өскелең ұрпақтың жайлы ортада тәрбиеленуіне үлес қосудың жарқын үлгісі.
Алла Тағала қайырлы іске себепші болған азаматтардың ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазсын!
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


02 Қараша 2026
21 Джумада-авваль 1448

