Шығанақ ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы Рахымбай Түсіпов балабақша қызметкерлерімен кездесіп, «Әйел және отбасы» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат жүргізді.
Кездесу барысында әйел жаратылысының отбасындағы орны, ана қадірі, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен отбасы берекесін сақтаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар ұлттық және рухани құндылықтарды ұрпақ тәрбиесінде ұштастыру жөнінде насихат айтылды.
Жиын соңында қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


02 Қараша 2026
21 Джумада-авваль 1448

