«Төле би» мешітінің ұстаздары Руқиям ұстаз бен Гүлжан ұстаздың ұйымдастыруымен жамағатқа «Ілім – жүректің нұры» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтылды.
Жиын барысында ислам дініндегі білімнің орны мен ілім алудың артықшылығы кеңінен түсіндірілді. Ұстаздар адам баласының рухани кемелденуінде діни білімнің маңызы зор екенін атап өтіп, ілімнің жүрекке нұр, санаға сәуле сыйлайтынын жеткізді. Сондай-ақ мұсылманның білімге деген құштарлығы, ізденісі мен үйренгенін күнделікті өмірде амалға асыруы жайында ой өрбітті.
Уағыз барысында ізгі мінез қалыптастыру, көркем әдепті сақтау, діни сауаттылықты арттыру және алған білімді өзгелермен бөлісудің сауабы туралы да айтылды. Ұстаздар жиналған қауымды пайдалы ілім үйреніп, оны өмірлік ұстанымына айналдыруға шақырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


02 Қараша 2026
21 Джумада-авваль 1448

