Шу аудандық «Жәми» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Іліммен нұрланған жүректер» атты діни білім фестивалі өтті. Шараны ұстаз Ғалия Байториева ұйымдастырып, оған ауданға қарасты мешіттердің әйел-қыздар секторының өкілдері қатысты.
Рухани-танымдық шараның мақсаты – әйел жамағатының діни сауаттылығын арттыру, білімге деген қызығушылығын ояту және мешіттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Фестиваль бағдарламасы топтық сайыс форматында ұйымдастырылып, қатысушылар діни білімдері мен таным деңгейлерін ортаға салды. Жарыс 4 кезеңнен тұрды: 1-кезең «Құран-жүрек нұры» 2-кезең «Хадис-өмір өнегесі» 3-кезең «Сира- өнегелі ғұмыр» 4-кезең «Әйел мен ілім» туралы түрлі тапсырмалар арқылы өзара білім жарыстырып, ізденістері мен белсенділіктерін көрсетті.
Іс-шара соңында үздіктерді аңықтап, жүрделі орындарға сый-сияпат табысталды.
1-орынға 35000 теңге
2-орын 25000 теңге
3-орын 20000 теңге
Тағылымды басқосу қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, діни білімді тереңдетудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



03 Қараша 2026
22 Джумада-авваль 1448

