Шу: 7 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

Шу: 7 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Бірлікүстем» мешітінің имамы Жетпісбай Әлімбековтің ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы төмен жеті отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шара аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері, қапталған ұн мен қант табысталды. Қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат көлемі 140 000 теңгені құрады.

Мұндай ізгі бастамалар қоғамдағы жанашырлық пен бауырмалдықты нығайтып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетудің маңызын айқындайды. Алла Тағала қайырымды іске себепші болған азаматтардың ниетін қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін!

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: