Шу ауданы «Жанабай» мешітінде ауыл жастарының игі бастамасымен сауапты іс жүзеге асты. Ауылдың белсенді жастары мешітке азан шақыруға арналған дыбыс күшейткіш құрылғылар мен қажетті жабдықтарды уақып етті.
Бұл – туған жердің рухани дамуына үлес қосып, мешіттің тыныс-тіршілігіне жанашырлық танытудың жарқын көрінісі.
Алла Тағала жасалған уақыпты қабыл етіп, барша азаматтың ниетіне береке берсін!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


03 Қараша 2026
22 Джумада-авваль 1448

