Мойынқұм аудандық «Ратқұл ата» мешітінде жұма намазы оқылып, жамағат бас қосқан қасиетті күн тағылымды уағызбен өрілді.
Жұма намазын мешіт имамы Алихан Жайлаубеков жүргізуімен «Тәубенің мәні мен маңызы» тақырыбына арналды. Имам өз насихатында тәубенің мұсылман өміріндегі орнына тоқталып, пенденің жасаған қателігін мойындап, шынайы өкінішпен Аллаға бет бұруы – иманның көрінісі екенін түсіндірді.
Сондай-ақ тәубенің тек тілмен кешірім сұрау емес, жүрекпен өкініп, жаман әдеттерден арылып, ізгілікке бет бұру екенін жеткізді.
Мойынқұм аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



03 Қараша 2026
22 Джумада-авваль 1448

