#Шу: «Оспанәлі» мешітінде «Тәубенің мәні мен маңызы» тақырыбында жұма уағызы өтті

#Шу: «Оспанәлі» мешітінде «Тәубенің мәні мен маңызы» тақырыбында жұма уағызы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Абай ауылына қарасты «Оспанәлі» мешітінде жұма намазының рухани тағылымы насихатпен жалғасты. Күндердің сұлтан жұма күні өткен насихатты «Төле би» мешіттің наиб имамы Нұрғиса Сейдахметұлы жүргізіп, жамағатқа «Тәубенің мәні мен маңызы» тақырыбында уағыз айтты.

Насихатта тәубенің адам өміріндегі орны, күнәдан арылып, жүректі тазартудың маңызы кеңінен тарқатылды. Имам пенденің қателігін мойындап, шынайы өкінішпен Жаратушысына бет бұруы – рухани кемелденудің маңызды қадамы екенін жеткізді.

Осы орайда Құран Кәрімнің «Зүмәр» сүресінің 53-аятындағы: «Алланың рақымынан үміт үзбеңдер. Шүбәсіз, Алла барлық күнәларды кешіреді» деген иләһи ескертуге тоқталды.

Уағыз түйінінде жамағат сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Шу аудандық  «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: