Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Әл-Хафиз» мешітінің молдасы Таукеев Талғаттың ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Игі шара аясында ешкі сойылып, еті төрт мұқтаж отбасына азық-түлікпен бірге таратылды.
Бұл бастама әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дәріптеуге бағытталды. Ислам дінінде қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қол ұшын созу және өзгелердің жағдайына бейжай қарамау үлкен сауапты амалдардың қатарына жатады. Осындай игі істер адамдар арасындағы бауырмалдықты арттырып, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайта түседі.
Алла Тағала жасалған қайырымдылықты қабыл етіп, осы сауапты іске себепші болған жандардың еңбегіне береке берсін! Мұқтаж отбасылардың тұрмысына жеңілдік нәсіп етіп, халқымызды жақсылық пен ізгілік жолында біріктірсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



30 Қазан 2026
18 Джумада-авваль 1448

