Қордай: Жомарттыққа баулу жалғасуда

Қордай: Жомарттыққа баулу жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Арал ауылы «Арал» мешітінің молдасы Нұрбердиев Амангелдінің ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Игі шараның негізгі мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қайырымдылық пен жомарттықтың мәнін насихаттау және қоғамда өзара көмек пен жанашырлық қасиеттерін арттыру. Шара барысында төрт мұқтаж отбасына ет таратылып, әлеуметтік қолдау көрсетілді. Бұл игі іс ауыл тұрғындары арасында мейірімділік пен бауырмалдықты нығайтып, көмекке мұқтаж жандарға қамқор болудың жарқын үлгісіне айналды.

Ислам дінінде қайырымдылық жасау, мұқтаждың жағдайын ойлау және өзгеге қол ұшын созу – сауапты амалдардың бірі. Осындай ізгі бастамалар қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтып, адамдарды жақсылық жасауға үндейді. Алла Тағала жасалған қайырымдылықты қабыл етіп, игі іске атсалысқан жандардың ниеттеріне береке берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қайырымдылық шаралары жалғасын таба берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: