Тараз: Қалалық «Әулие ата» мешітінде парақорлықтың діни үкімі түсіндірілді

Тараз: Қалалық «Әулие ата» мешітінде парақорлықтың діни үкімі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде жамағатқа арналған пәтуа сағатын жүргізді.

Іс-шара барысында парақорлықтың шариғаттағы үкімі, оның қоғамға тигізетін кері әсері және адамгершілік құндылықтарға нұқсан келтіретін зияны жөнінде түсіндірме берілді.

Бас имам өз сөзінде Ислам дінінде адалдық пен әділдіктің маңызына тоқталып, пара беру мен пара алудың ауыр күнә екендігін атап өтті. Сондай-ақ мұндай әрекеттердің адамдар арасындағы сенімге сызат түсіріп, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарына кері әсер ететінін түсіндірді.

Пәтуа сағатының мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, шариғат талаптарын дұрыс түсіндіру және қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.

Осындай тағылымды кездесулер халықтың діни білімін жетілдіруге және рухани тәрбие беруге бағытталған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: