25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Байзақ ауданына қарасты ауыл имамдары қоғамдық жұмыстарға қосқан үлестері мен ел бірлігін нығайту жолындағы еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Атап айтқанда, Абиров Рахымбек Кенжебайұлы Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің Алғыс хатына ие болса, Кенжехан Өксікбайұлы Диқан ауылдық округінің әкімдігі мен «Ардагерлер» кеңесі тарапынан марапатталды.
Марапат иелеріне қоғам игілігі жолындағы белсенді қызметтері үшін алғыс білдіріліп, зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақ-береке және еңбектеріне толағай табыс тіленді.
Бұл марапат – ауылдағы рухани құндылықтарды насихаттап, халықтың ауызбіршілігі мен татулығын сақтауға бағытталған еңбекті бағалау болып табылады. Ауыл имамдарын марапаттарымен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік пен береке тілейміз!



28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

