25 қазан – Республика күніне орай Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хатта өңірдің дамуына қосқан үлесі мен атқарған қызметіне ризашылық білдіріліп, Қанат Әділханұлына зор денсаулық, отбасына береке-бірлік және мол табыс тілеген.
Бұл марапат – ел игілігі жолындағы еңбектің, қоғамның рухани дамуына қосылған үлесті бағалау. Қанат Әділханұлына алдағы қызметіне толағай табыс, ел бірлігі мен руханияты жолындағы еңбегіне береке тілейміз!


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

