Қайырымдылық – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. Осы игі бастама аясында Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінің имамы Досмухаммед Гулымхазрат бір мұқтаж отбасыға қысқы отын ретінде 2,5 тонна көмір жеткізіп берді.
Қайырымдылық көмек қыс мезгілінде отбасының тұрмысын жеңілдетіп, жылулық пен қолдауға бағытталған. Мұндай ізгі істер қоғамдағы өзара көмек пен бауырмалдықтың маңызын айқындайды.
Алла Тағала қайырымдылыққа себепші болған азаматтардың ізгі амалдарын қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін! Елімізде қайырымдылық істер көбейіп, мұқтаж жандарға көрсетілер көмек арта берсін!


28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

