БАЙЗАҚ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

БАЙЗАҚ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Республика күніне орай, «Ислам және адал қоғам жылы» аясында Сарыкемер ауылындағы жабық спорт кешенінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Шара барысында Дәстүр және отбасы бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы Сағымбаев жарысқа қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, ел бірлігі мен қоғамдағы татулықтың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттың жастарды ынтымаққа, достыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі рөлін атап өтті.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 І орын  1994 жылғы «Достар» командасына бұйырып, 15 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

 ІІ орын алған «Жастар» командасы 10 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

 ІІІ орынды місе тұтқан «Ұстаздар» командасы 5 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Спорттық шара қатысушылардың өзара достығы мен ауызбіршілігін арттырып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Осындай игі бастамалар қоғамдағы татулықты нығайтып, жастарды салауатты өмір салтына баулуға ықпал етпек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: