25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің қызметкерлері қоғамдағы діни тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, ел бірлігі мен бейбіт өмірді қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Атап айтқанда, Бақытбек Бауыржанұлы мен Арман Ерболұлы Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Е. Ақбайдың Алғыс хатына ие болды.
Марапат иелеріне ел игілігі жолындағы қызметтері мен қоғамдағы татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріліп, алдағы жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық және шығармашылық жетістіктер тіленді.
Бұл марапат – ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы еңбектің лайықты бағасы. Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, қызметтеріне береке, еңбектеріне жеміс тілейміз!



28 Қазан 2026
16 Джумада-авваль 1448

