Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінің молдасы Саламат Сәлімұлының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға азық-түлік таратылып, қолдау көрсетілді. Сонымен қатар үш қой сойылып, қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат көлемі 400 мың теңгені құрады. Мұндай сауапты істер қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттырып, мұқтаж жандарға демеу болары сөзсіз. Қайырымдылық жасау – ізгілік пен адамгершіліктің жарқын көрінісі.
Жақсылықта жарысып, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – баршамызға ортақ міндет. Алла Тағала осы игі іске атсалысқан барша азаматтың ниетін қабыл етіп, мал-дүниесіне береке берсін! Қайырымдылыққа жұмсалған қаражатты еселеп қайтарып, мұқтаж отбасыларға кеңшілік пен молшылық нәсіп етсін! Елімізде береке-бірлік артып, жақсылықты істер жалғасын таба берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Қазан 2026
14 Джумада-авваль 1448

