Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы жамағат арасындағы ақсақал Қари қарияның шаңырағына арнайы барып, зиярат етті. Кездесу барысында бас имам қарияның хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алды.
Үлкенге құрмет көрсету, қариялардың өнегелі өмір жолын үлгі ету – халқымыздың асыл дәстүрлерінің бірі. Ақсақалдарымыздың батасы мен тағылымды әңгімелері кейінгі ұрпақ үшін қашанда қымбат. Алла Тағала Қари қарияға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке нәсіп етіп, ақ батасын беріп отыруды жазсын! Қарияларымыз аман, ел-жұртымыз тыныш болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



26 Қазан 2026
14 Джумада-авваль 1448

