Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа бесін намазы уақытында уағыз-насихат айтылды. Аудан бас имамы Абдразахов Азамат жамағатқа рухани тәрбие беріп, діни білімді арттырудың, имандылықты нығайтудың және көркем мінезді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ жамағатты ізгі амалдар жасауға, бірлік пен бауырмалдықты сақтауға шақырды. Бесін уақытындағы уағыз-насихат жұмыстары жамағаттың діни сауатын арттырып, рухани дамуына ықпал етуде.
Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, қабыл болатын құлшылық, ізгі амалдар нәсіп етіп, жүректерімізді иманға толтырсын! Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық беріп, мешіттерімізді жамағаттан айырмасын. Баршамызды Өзі разы болатын құлдарының қатарынан еткей!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


26 Қазан 2026
14 Джумада-авваль 1448

