Жуалы: Көлбастау ауылындағы мешітте насихат айтылды

Жуалы: Көлбастау ауылындағы мешітте насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Көлбастау ауылындағы «Құлый баба» мешітінде құптан намазының алдында рухани-танымдық насихат жүргізілді.

Жуалы ауданына іссапармен келген Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Әміреев жамағатқа отбасы құндылықтары, иманның көрінісі және иман келтірудің маңызы туралы тағылымды уағыз айтты.

Насихат барысында отбасы бірлігін сақтау, имандылықты өмірлік ұстаным ету және рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: