Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Нұрлыкент ауылдық округінің мешітінде құптан намазының алдында жамағатқа рухани-танымдық насихат айтылды.
Іссапармен Жуалы ауданына келген Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Сейтқали Әбдіқадыр жамағатпен кездесіп, «Дәстүр және отбасы», «Отбасы құндылықтары және имандылық» тақырыптарында уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысында отбасы институтының қоғамдағы орны, ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың сабақтастығы, сондай-ақ отбасы тәрбиесіндегі имандылықтың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар отбасындағы өзара құрмет, татулық пен жауапкершілікті нығайтудың маңыздылығына назар аударылды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

