Жамбыл облысы, Жуалы ауданының орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жұма намазының алдында «Адал еңбек – береке кілті» тақырыбында рухани-танымдық насихат айтылды.
Насихат барысында ауданның бас имамы Есет Тұрдыбайұлы адал еңбектің маңызы мен мұсылман өміріндегі орнына тоқталды.
Имам өз уағызында адам баласының өз қажеттілігін өтеп, отбасын асырау үшін еңбек ететінін айта келе, мұсылман үшін еңбектің мәні тек материалдық игілікпен шектелмейтінін жеткізді. Кәсіп адал, ниет дұрыс болса, күнделікті еңбек те сауапты амалға айналатынын атап өтті.
Сондай-ақ бала-шағаға адал нәпақа табу, өзгеге масыл болмай, өз еңбегімен күн көру және тапқан табысты игілікке жұмсау мұсылманның маңызды міндеттерінің бірі екеніне тоқталды. Адал кәсіп адамның дүниелік қажеттілігін өтеп қана қоймай, ақыретіне де пайдасын тигізетінін түсіндірді.
Жұма насихатының соңында бас имам жамағатқа ас беру мәдениеті, ысырапшылдықтың алдын алу, қарапайымдылық сақтау және той-томалақ кезіндегі әдептілік мәселелері жөнінде де тағылымды ойларымен бөлісті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


22 Қазан 2026
10 Джумада-авваль 1448

