Жуалы: Жуалы ауданындағы ауылдық мешіттерде зерделеу жұмыстары жүргізілді

Жуалы: Жуалы ауданындағы ауылдық мешіттерде зерделеу жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы «Нұрлыкент» және «Теріс» ауылдық мешіттерінің қызметіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Зерделеу жұмыстарын Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Сейтқали Әбдіқадыр ауданға жасаған іссапары аясында жүзеге асырды.

Іссапар барысында мешіттердің ішкі тазалығы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, қысқы маусымға дайындығы және діни әдебиеттердің жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар мешіттердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, діни қызметтің ұйымдастырылу барысына назар аударылды.

Аталған зерделеу жұмыстары мешіттердің материалдық-тұрмыстық жағдайын бағалауға, тазалық пен тәртіп талаптарының сақталуын қадағалауға, сондай-ақ діни қызметтің тиісті деңгейде жүзеге асырылуына бағытталды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: