РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
 
Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын!

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары, қадірменді жамағат!

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, саулық пен құт-береке тілеймін.
 
Бұл күн – бабалар аманаты орындалып, егемен еліміздің берік негізі қаланған қастерлі сәт. Мемлекетіміздің тұтастығы мен тыныштығы, қоғамдағы өзара сыйластық пен ауызбіршілік – біздің басты байлығымыз.
 
Асыл дініміз бірлікке, парасаттылыққа және туған елге қызмет етуге үндейді. Отанды сүю – оның тыныштығын көздің қарашығындай сақтаудан, адал еңбек етуден және өскелең ұрпақты имандылық пен ізгілікке тәрбиелеуден көрінеді.
 
Осы ұлық мерекеде Алла Тағала елімізге тыныштық, жерімізге береке, халқымызға мызғымас ынтымақ нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз баянды, көк байрағымыздың тұғыры биік болсын!
 
Асқар Зәкіржанұлы,
 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
 
Жамбыл облысы бойынша бас имамы
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: