#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Ахмет қарттар күніне орай қарттарға құрмет көрсетілді. Қарттар үшін арнайы мерекелік дастархан жайылып, сый-сыяпаттар табыс етілді.

Аудандық мешіттің наиб имамы қарт ата-апаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету тақырыбында уағыз айтып, артынан құран оқып дұға жасады. Кейін қарттардың үлкендері сөз алып, жастарға алғыстарын білдірді.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: