#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» АТТЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ» АТТЫ НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен РАТТ мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы «Жат ағым жарға жығады» атты тақырыпта жамағатқа уағыз-насихат айтты. Жастарды діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу шараларымен таныстырып, кеңінен баяндап өтті.

Ризабек ұстаз сөзінің бірінде: «Жат ағым өкілдері жақтас жинау үшін, өз сенімін насихаттау үшін көбіне мешіт имамдарына қарсы теріс пікір таратады. Олар имамдарды «шынайы дінді жеткізбейді», «ақиқаттан алыс» деген секілді жалған айыптаулар айтып, жамағаттың сенімін шайқалтқысы келеді. Имамдардың уағыз-насихатын мойындамай, өздерінің бейресми «шейхтарын» алға тартады.

Мұндай әрекет жамағатты екіге бөлу, мешітке деген құрметті азайту, дін қызметкеріне деген сенімсіздік тудыру арқылы алауыздыққа жол ашады»,- деп, біршама олардың сипаттарына тоқтала кетті.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: