ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ЖАМБЫЛ: ИХСАН - ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жасөркен ауылындағы Тұрыс мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов келген жамағатқа «Ихсан – тәрбие негізі» тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтып, ислам дініндегі рухани кемелдену мен көркем мінездің маңыздылығына тоқталды.

Уағыз барысында ихсан ұғымының мәні түсіндіріліп, оның адамның жүрегін тазартуға, ниетін түзетуге және әрбір ісін шынайылықпен орындауға жетелейтін рухани құндылық екені баяндалды. Имам ихсанның мұсылманның күнделікті өмірінде көрініс табуы оның Алла Тағалаға деген ықыласын арттырып, адамдармен қарым-қатынасында адалдық пен әділдікті ұстануына ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар адам бойындағы сабырлылық, кішіпейілділік, мейірімділік пен кешірімділік секілді ізгі қасиеттерді қалыптастыруда рухани тәрбиенің орны ерекше екені айтылды. Бауыржан Досмухамбетов әрбір мұсылманның өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өзгелерге зиян келтіруден сақтануы және қандай жағдайда да адамгершілік қағидаларын берік ұстануы қажеттігін түсіндірді.

Сондай-ақ ихсанның тек құлшылықпен шектелмей, ата-анаға құрмет көрсету, отбасына қамқорлық таныту және қоғамға пайдалы іс жасау арқылы да көрініс табатыны жеткізілді. Имам жамағатты жүрек тазалығына мән беруге, жаман әдеттерден арылуға және күнделікті өмірде көркем мінез бен ізгі амалдарды басшылыққа алуға шақырды. Кездесу барысында рухани тәрбиенің адам болмысын жетілдірудегі рөлі талқыланып, ихсан қағидаларын ұстанудың отбасы мен қоғамдағы татулықты нығайтуға ықпалы атап өтілді.

Тағылымды уағыз соңында жамағатты имандылықты өмірлік ұстаным етіп, ықылас пен ізгілікті серік етуге және көркем мінез арқылы айналасына өнеге көрсетуге үндеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: