БАЙЗАҚ: БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІМЕН» КЕЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ: БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ «ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІМЕН» КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде Дәстүр және отбасы бөлімінің жетекшісі Ғарифулла Қуанышбекұлы «Әжелер мектебінің» өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, отбасылық құндылықтар және ұрпақ тәрбиесіндегі әжелердің орны сөз болды. Сонымен қатар, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі дәстүрлерін кейінгі ұрпаққа жеткізу, ұлттық тәрбиені насихаттау мәселелеріне назар аударылды.

Ғарифулла Қуанышбекұлы отбасы институтын нығайтуда, жастарға тәлім-тәрбие беруде және ұлттық құндылықтарды сақтауда аға буынның үлесі зор екенін атап өтті. Келелі кездесудің мақсаты – ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: