БАЙЗАҚ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жазира Иманалиева Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде бас қосқан нәзік жандылармен кездесіп, бала тәрбиесінің маңыздылығы жөнінде насихат айтты. Кездесу барысында ұрпақ тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі және отбасындағы рухани құндылықтардың орны кеңінен сөз болды. Жазира Иманалиева бала бойына имандылық, адамгершілік, әдептілік пен үлкенге құрмет секілді асыл қасиеттерді сіңірудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, бала тәрбиесінде ата-ананың жеке үлгісі ерекше рөл атқаратыны, отбасындағы мейірім мен өзара сыйластықтың баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіні айтылды. Келелі кездесудің мақсаты – аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу арқылы саналы да тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: