Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде өткен «Адамзаттың асыл тәжі» атты діни білім сайысында бақ сынаған нәзік жандыларға құрмет көрсетіліп, үздіктер марапатталды.
Нәзік жандыларды марапаттау рәсіміне Жамбыл облыстық әйел-қыздар секторының меңгерушісі Жазира Иманалиева, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Аружан Айтбаева, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенова, Байзақ аудандық әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Көшербаева және Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл пен «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Абиров қатысты.
Білім додасының қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы марапаттар табысталып, олардың діни білімге деген ынта-жігері мен ізденістері атап өтілді.
Жарыс қортыныдысы бойынша:
Бас жүлде: Әсел Тұрарбекқызы, (99 балл) Жамбыл ауданы (Ұмра),
1 орын: Шыныбаева Мадина, (98 балл) Тараз қаласы (100 000 теңге).
2 орын: Күзембай Шолпан, (95 балл) Тараз қаласы (70 000 теңге).
3 орын: Ермекбай Қаракөз, (93 балл) Тараз қаласы (50 000 теңге).
Ыңталдандыру сыйлығына ие болған аруларымыз
Ахпанова Айя, (90 балл) Байзақ (10 000 теңге);
Тұяқ Күлмараш, (90 балл) Байзақ (10 000 теңге);
Калманбетова Гүлдана, (89 балл) Байзақ (10 000 теңге);
Доқтырбекқызы Айгүл, (89 балл) Меркі (10 000 теңге);
Битанова Айгүл, (87 балл) Байзақ, (10 000 теңге);
Саденова Нурия, (86 балл) Байзақ, (10 000 теңге);
Есжанова Гүлнұр, (86 балл) Байзақ, (10 000 теңге);
Атеева Лейла, (86 балл) Байзақ (10 000 теңге).
Шараның негізгі мақсаты – әйел жамағатының діни сауаттылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және білім алуға деген қызығушылығын нығайту. Жиын соңында қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта да діни білімдерін жетілдіріп, игі істердің жаршысы болуларына тілектестік білдірілді.



20 Қазан 2026
8 Джумада-авваль 1448

