Жамбыл облыстық «Һибатулла әт-Тарази» Орталық мешітінің азаншысы Дәулет Амангелді Сәду Шәкіров ауылындағы «Байтоқты баба» мешітіне арнайы іссапармен барып, ауыл жамағатымен жүздесті. Жұма күні жүзеге асқан сапар аясында Дәулет Амангелді мешітке жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, жұма намазын жүргізді.
Жұма уағызында мұсылмандық әдеп, ізгі амалдар мен рухани құндылықтардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатты бірлік пен ынтымаққа шақырып, діннің тағылымды жолын күнделікті өмірде ұстанудың маңыздылығы жеткізілді. Бұдан бөлек, орталық мешіттің азаншысы «Байтоқты баба» мешітінің жалпы жағдайын жіті зерделеді.
Құлшылық үйінің ішкі бөлмелерін, тазалығын, сыртқы аумағы мен күтімін назарға алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Мешіт – тек құлшылық жасайтын орын ғана емес, сонымен қатар халықтың рухани кемелденуіне, жастардың имандылық тәрбиесіне ықпал ететін маңызды орта. Сондықтан оның тазалығы мен тәртібін сақтау, жамағатқа қолайлы жағдай жасау – ортақ жауапкершілік.
Аудандық Қаратау қажы би мешіті баспасөз қызметі.



14 Қазан 2026
2 Джумада-авваль 1448

